14 нау, 2017 сағат 13:41

Құмар Ақсақалов СҚО әкімі болып тағайындалды

Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Ерік Сұлтанов атқарып келген болатын.

Құмар Ақсақалов 1965 жылы Қостанай облысында туған.

1987 жылы  В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тамамдаған.

1987-1989 ж.ж. – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері.

1989-1991 ж.ж. – Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы  Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1991-1992 ж.ж. – – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері.

1992-1993 ж.ж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры.

1993-1996 ж.ж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті.

1998-2002 ж.ж. – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімі.

2002-2004 ж.ж. – Қостанай облысы Таран ауданы әкімі.

2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2006-2010 ж.ж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2010-2014 ж.ж. – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы.

2014-2015 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Экономика ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен, 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.