Түркістан облысы Ордабасы ауданында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша ерекше акция өткізді, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таң қалдырды.
"Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет", – деді полицияда.