Сирияның батысындағы Хама провинциясында соғыстан 100 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Осылай деп БҰҰ Қызыл Крест пен жергілікті биліктің ақпаратына сүйеніп хабарлады.
centralasian.org-тың мәліметінше, Хаманың солтүстігінде көтерілісшілер ислам-содырларына қарсы соғысып жатыр. Оппозиция күштері болса Халфайя қаласын басып алды.
Түркия АҚШ-пен бірге «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының содырларын Ракка қаласынан ығыстыру үшін соғысуға дайын екенін білдірген. Осындай ұстанымын Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Қытайда өткен G20 саммиті кезінде айтты.
Сейсенбі күні елдің президенті Башар Асад режимінің авиациясы Сирияның Алеппо қаласына хлор қосылған бомба тастаған. 70-тан астам бейбіт тұрғын қайтыс болды. Олардың ішінде әйелдер, балалар бар. Дәл осындай мәліметтерді Сириядағы ерікті құтқарушылар беріп отыр.
Дамаск болса, уланатын газ қолданғандарын жоққа шығарады. Алеппо қазіргі уақытта екіге бөлініп отыр: бір бөлігін Асад режимі билесе, екінші бөлігін қарулы оппозиция бақылап отыр.