Фото: ашық дереккөз
Сирияда экстремистер жағында соғысқан қазақстандықты түрік полициясы ұстады. ҚР ҰҚК хабарлағандай, бірнеше жыл бұрын Қазақстан азаматы Сирияға барып, қарулы топтардың біріне қосылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Нақты қайсында соғысқанын ведомство хабарламады, бірақ оның халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деп күдіктенеді.
Біраз уақыттан кейін ер адам Сириядан Түркияға жеткен. Антальяда оны жергілікті полиция ұстады.
"Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды", — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Сириядағы азаматтық соғыстың бұрынғы қатысушысы Алматыға жеткізілді, фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Қарашаның басында Түркістан облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік ұяшығы құрықталғанын жазған болатынбыз.