Егер Дональд Трамптың саясаты ресми Дамасктің үмітін ақтар болса, Сирия үкіметі АҚШ-тың жаңа президентімен бірлесе қызмет етуге дайын, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Сирия президентінің кеңесшісі Бусейна Шаабан мәлімдеді. Бұл Сирия тарапынан АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне алғақы ресми мәлімдеме болғанын айта кету керек.
"Дамаск АҚШ Трамп басшылығымен терроризммен күрестің белсенді қатысушысы болады деген үмітте", - деп келтіреді Шаабан сөзін билікке жақын Al-Watan газеті. Оның айтуынша, Сирияны сайлау процесінен бұрын, жаңа президенттің жаңа саясаты қызықтырады.
"Трамптың саясаты біздің үміттермен сәйкессе, Дамаск АҚШ және өзге де елдің егемендігін сыйлайтын, сириялықтардың мүдделерін ойлайтын және олардың ісіне араласпайтын елдермен кез келген қызметтестікке ашық болады", - деп нақталады саясаткер.