24 мам, 2022 сағат 11:30

Сирия бойынша кезекті келіссөз Нұр-Сұлтанда өтеді – СІМ


Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші раунды Нұр-Сұлтанда өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші кезеңі өтеді. Біз барлық қатысушыларға шақыру жібердік. Барлық тараптың растауын күтіп отырмыз", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы соғысушы тараптар арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздер үшін Нұр-Сұлтан алаңын берген болатын. 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жеті халықаралық кездесу өтті.