09 ақп, 2024 сағат 09:22

Синоптиктер Алматы, Шымкент және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады


Фото ©️ Tengrinews.kz /Әлихан Сариев

Қазгидромет Алматы, Шымкент және тағы екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  Tengrinews.kzке сілтеме жасап.

"2024 жылғы 9 ақпанда Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.