Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев
Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасалады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" .
"2025 жылғы 2 ақпанда Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.