Фото: t.me/pressmfakz
Бұрынғы Қаржы министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты жүріп жатқан іс Қазақстанның әлем алдындағы беделіне әсер ете ме? Бұл сұраққа Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистермен брифингте жауап берді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Журналистер Смадияровтан Бишімбаевтың үстінен қозғалып жатқан шулы іске байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде митингілер өтіп жатқаны ел иммиджіне кері әсер етпей ме деп сұрады.
"Бәлкім, оны бізде болып жатқан сот ісіне уайымдап жатқан қарапайым азаматтар ұйымдастырған шығар. Бүгін Мемлекет басшысы заңға қол қойды (тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы, ред.). Менің ойымша, Қазақстанның имиджіне зиян жоқ. Керісінше, көптеген аймақтық серіктестермен салыстырғанда біз алда келе жатырмыз. Бұл біздің халықтың шетелдегі азаматтық ұстанымының қалыпты көрінісі. Жастардың бұған өте белсенді қатысып, өз ұстанымын көрсетіп жатқаны қуантады", - деп жауап берді СІМ ресми өкілі.