20 сәу, 2021 сағат 13:54

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы өмірден озды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

«Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын байланысты отбасына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды «Шыңғыс Айтматов атындағы Ыстықкөл форумы» қорының вице-президенті Ассоль Молдокматова желідегі парақшасында. 

Мария Урматқызы 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген.