Шымкенттегі "Қиял әлемі" технопаркінде 50 жастағы ер адам "Балға" аттракционына отырған кезінде ауырып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Өлімнің себебі - инфаркт, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz басылымна сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері медициналық көмек жинағы болмағандықтан, алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған.
Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
⠀
Бұл - "Қиял әлемі" технопаркінде болған бірінші оқиға емес. Мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапты. Бір нұсқа бойынша, ол ойын-сауық саябағында штаттан тыс жұмыс істеген. Жас жігіт аттракционның металл конструкцияларына көтерілгенде құлап түсіп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.