27 қар, 2020 сағат 06:21

Шымкенттің бас полицейі азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымын тыңдады

Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов онлайн-форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бірыңғай қабылдау күні барысында полиция генерал-майоры 100-ден астам тұрғынмен тілдесті.

Азаматтардың басым бөлігінің сұрақтары алаяқтық фактілеріне қатысты болды. 

Ералы Мұсаәліұлы қабылдауға келгендердің мәселелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толыққанды жауап берді. 

Сондай-ақ, аудандық полиция басқармаларының орынбасарлары мен басшылары барлық сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар алды. 

Бірыңғай қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, оларды түпкілікті нәтижеге дейін жеткізу жауапты қызметкерлерге жүктелді.