Шымкенттік тұрғын баспаналы боламын деп бармағын тістеп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент қаласы, Абай АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын, баспаналы етпек болған танысының 40 миллионға жуық қаржысын қолды еткенін көрсеткен. Қомақты сомадағы ақшаны иеленген азаматша, уәде еткен үйді де, алған қаражатты да қайтармай ізін суытқан.
Бұл істі, полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы ( Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда, күдікті полиция басқармасына жеткізіліп, аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Күдіктінің осы тектес басқа да, қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.