28 там, 2025 сағат 17:51

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза тапты


Фото: Ашық дереккөзден

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автомұнара аударылып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz.

"26 тамыз сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автомұнара аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Жұмысты мердігер ұйым "КРС Астана " ЖШС жүргізіп жатқан. Қайтыс болғандар "КРС Астана" ЖШС жұмысшылары болған. Бұл жайттың себебін жұмыс тобы анықтап жатыр", делінген хабарламада.


Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Зауыт қазір қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.