16 ақп, 2023 сағат 09:45

Шымкентте жолаушы таксиде босанды

Фото: otyrar.kz

Шымкентте ерекше оқиға болды. Такси жүргізушісі жолаушы әйелдің босануына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізуші Алишер Маккамовтың айтуынша, оқиға сағат 18:00-де болған, ол әдеттегідей тапсырыс бойынша келген. Салонға екі кішкентай баласы бар әйел отырған, ал бірнеше минуттан кейін оның толғағы басталған.

"Мен оған перзентханаға жеткізуді ұсындым, бірақ ол бас тартты, үйге бару керек деді. Содан кейін мен жедел жәрдем шақырып, оның келуін күтуді шештім. Осы уақытта әйелден су кетті", - деді жүргізуші.

Кейін жолаушы көліктің салонында босанған, ал біраз уақыттан кейін жедел жәрдем жеткен. Анасы мен баласы сау.