Шымкентте төбелескен тергеушіге қатысты істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі ktk.kz арнасына сілтеме жасап.
8 мамырда тергеушілер мейрамхана алдында сөйлесіп тұрған. Осы кезде екінші жедел басқарманың бастығы Бақтияр Ахметжанов тергеуші Мырзабек Тойлыбаевқа жұдырық ала жүгіреді. Соққыдан қашып үлгерген тергеуші Ахметжановтың өзін ұрып жығып, баспалдаққа баспен құлатқан. Ауыр жарақат алған Бақтияр Ахметжанов ауруханада ес-түссіз жатыр. Ал тергеуші қамауға алынған.