09 сәу, 2025 сағат 11:07

Шымкентте терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Фото: ашық дереккөз

Шымкентте ер адам террористік ұйымның идеологиясын насихаттағаны және WhatsApp мессенджері арқылы адамдарды тартқаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

“Сот үкімімен азамат С. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ интернет ресурстарды пайдалана отырып осындай мазмұндағы материалдарды тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік немесе экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту немесе дайындау не қаруландыру) бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды”, - делінген хабарламада.


2024 жылдың қыркүйек айында сотталушы WhatsApp арқылы танысына халықаралық террористік ұйым «Мұсылман ағайындар» идеологиясын түсіндіретін және зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдар жібергені анықталды. Сондай-ақ ол азаматшаны Сириядағы террористік топтарға қосылуға үгіттемек болған.

Айта кету керек, өткен жылы осыған ұқсас қылмыстар үшін 10 азамат сотталған.