27 қаң, 2023 сағат 13:25

Шымкентте Telegram арқылы синтетикалық есірткі таратқандар ұсталды - ҰҚК

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкентте синтетикалық есірткі таратумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қаңтарда Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Шымкент қаласында синтетикалық есірткілерді сату әрекеттері үстінде адамдар тобын ұстаған.

"Тексеру барысында «Б» есімді азаматтан скочтпен оралған, ішіне «мефедрон» психотроптық заты салынған 28 полиэтилен пакет табылды.   

Тергеудің алдын ала анықтауы бойынша, топ басшысы мен оның екі көмекшісі «Telegram» мессенджері арқылы аймақта есірткі таратумен айналысқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және сот санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.