Шымкентте провизорлық стационарлардағы төсек-орын саны 80 пайызға босады. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, COVID-19-ға шалдыққан науқастардың саны азаюда.
Шымкенттің медициналық ұйымдарында 26 провизорлық бөлімше жұмыс істеген.
«Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайызы босады», - деп хабарлады Т.Вазилов.
Медициналық мекемелер тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады.
11 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны 3865-ке жетті.
Айта кету керек, елде жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді.