21 мам, 2024 сағат 19:05

Шымкентте оқушы медициналық академия профессорын өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының баспасөз қызметі

15 мамырда Шымкенттегі Айдын көшесінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У.-ды ұрып-соққаны туралы ақпарат түсіп, кейін ол ауруханаға жеткізілген. Денсаулыққа зиян келтірді деген күдікке жергілікті мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мәліметтерге сүйенсек, 5 күннен кейін профессор ауруханада қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын келтірді деген күдікпен 17 жастағы 11-сынып оқушысын ұстады. Тергеушілердің айтуынша, мұғалім мен оның арасында жанжал болған. Артынша жас жігіт ата-анасының қамқорлығына берілді.

Іс баптың Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігінен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) 106-бабы, 3-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыстырылды.

Жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.