24 шіл, 2021 сағат 19:38

Шымкентте мектеп жанындағы лагерьдің жұмысына тыйым салынады


Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша, жұмысына тыйым салынған нысандардың саны артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжат бойынша Ashyq жобасына қатыспайтын мына нысандардың жұмысына тыйым салынған: 

- дәмхана, мейрамхана, кофехана тиіпндегі қоғамдық тамақтану орындары;

- жазғы алаңдар; 

- сауналар;

- СПА орталықтары мен бассейндер:

- Қалааралық, облысаралық автобустар;

- Спорт кешендері, йога-орталықтар, фитнес орталықтары;

- Мәдениет обьектілері;

- Театрлар, кинотетатрлар, концерт залдары мен филармониялар;

- Қала аумағындағы туристік тасымалдар;

- Қалалық тұрақты және тұрақты емес автобустар;

- Биьярд залдары;

- Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары;

- Букмекерлік кңеселер мен, офланй лотореялар;

- Боулинг,

- Цирк;

- Жабық ғимарат ішінде ібалалардың ойын-сауық орталықтары;

- Мектеп жанындағы лагерьлер;

- Көремрмендер қатысатын спорт шаралары;

- Ас беру, банкет залдары;

- Түнгі клубтар мен караоеке;

- Жабық саяжайлар;

- Ойын-сауық, бұқралаық іс-шаралар;

- Көрмелер мен марафондар.

Қаулы 26 шілдеде қолданысқа енеді. Құжаттың толық мазмұнымен мына жерден танысуға болады.