25 қаң, 2023 сағат 13:38

Шымкентте құрылысшы 9 қабаттан құлап кетті


Шымкентте құрылысшы 9 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталы.

Оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Құрылысшы 9 қабаттан 7 қабатқа құлап түскен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға алып кеткен.

Дәрігерлер зардап шеккен құрылысшыға жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бұғанағының жабық сынығы, бүйрек соғылуы диагнозын қойып отыр.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың қазіргі жағдайы қалыпты. Ауруханада ем қабылдап жатыр.