Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Шымкентте көше камераларын қиратқан күдіктілер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қылмыстық істі тергеу барысында Шымкент қаласының прокуратурасы 2 қылмыскерді анықтады. Олар 6 қаңтарда «Газель» автокөлігімен қала ішінде жүріп, Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын жойды. Камералардың зақымдануы полицияның қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысын қиындатты, мемлекеттік объектілерге шабуыл жасаған қылмыскерлерге назардан тыс қалуға мүмкіндік берді», - деді Елдос Қилымжанов.
Оның мәліметі бойынша, қазір бейнежазбалар қалпына келтіріліп, бұл қылмысқа қатысы бар адамдар түгел анықталып жатыр.
«Камералар қалпына келгенге дейін «Газель» жүргізушісі өзінің жаппай тәртіпсіздікке қатысқанын жоққа шығарды, алайда бейнежазбалардан оның көліктің төбесіне мініп, жоғарыда орнатылған камераларды істен шығарған», - деді ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары.