02 сәу, 2020 сағат 14:57

Шымкентте коронавируспен тіркелгендер жайлы ақпарат жарияланды

Шымкент қаласында тіркелгендер жайлы жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды.

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.

Қазір аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.