Шымкентте өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан үй немесе көлік сатып алуға көмектесуді ұйымдастырған. Сенгіш азаматтармен тұрғын үй немесе көлік сатып алуға ақшалай көмек көрсету туралы келісім жасаған күдіктінің кім екені анықталды.