Фото: ашық дереккөз
Шымкентте полицейлер тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын жазбаларды қалдырып жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде граффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған.
Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
