Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханада есінен айырылған ер адамның туыстары мен жақындары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kzсайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас Отырар ықшамауданынан жеткізілген, ол №60 үй маңында жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ер адам құлап, басын соққан, содан кейін есінен танып қалған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырған.