27 нау, 2025 сағат 12:48

Шымкентте бір килограмм есірткімен курьер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Рейд барысында Шымкентте 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.