18 мам, 2022 сағат 17:11

Шымкентте белгісіз біреулер оңбай сабап кеткен ер адам комада жатыр


Шымкентте белгісіз біреулер оңбай сабап кеткен ер адам комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте белгісіз біреулер ер адамды сабап кеткен. Оқиға 16 мамырда "Көктем" базарының маңында болған. Зардап шеккен шымкенттік ауыр халде реанимацияға түсті. Дәрігерлер оның 3-дәрежелі комада жатқанын растады. 

Басылымның мәліметінше, қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен. Базардың бейнекамералары оқиғаны түсіріп алған.

Комада жатқан Арысбек Құралбеков - отбасының жалғыз асыраушысы және үш баланың әкесі. 

Арысбектің туыстары күдіктілердің сол күні Еңбекші АПБ-ға жеткізіліп, бірақ кейін босатылғанын айтты.