18 мау, 2024 сағат 17:14

Шымкентте белгілі олигархтың иелігінде болған "Мұз сарайы" мемлекетке қайтарылды

Сурет: sxodim.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкенттегі департаменті қала прокуратурасымен бірлесе отырып, "Мұз сарайын" мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдаған. Агенттіктің мәліметінше, Шымкенттегі "Мұз сарайы" мемлекеттің бақылауына қайтарылып жатыр. 

"Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп “Мұз сарайын” мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биыл 27 мамырда бірінші сатыдағы сот “Спорт сарайы” ЖШС үлесін (67%) жеке меншікке 128 миллион теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды", – деп хабарлады өңірдегі департамент басшысы.


Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шымкент әкімдігі 2017 жылы шаһардағы ең ірі нысанның бірі – "Мұз сарайын" 128 миллион теңгеге сатқан еді. Қаланың баспасөз қызметі сол уақытта нысанды "МұнайҚұрылысСервис" ЖШС компаниясы сатып алғанын мәлімдеді. Артынша бұл компания шымкенттік кәсіпкер Серікжан Сейтжанов тиесілі екені белгілі болды.