23 қаң, 2025 сағат 11:11

Шымкентте аттракциондар саябағындағы өрт сөндірілді

Фото:Kaztag.kz

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері аттракциондар саябағындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Ult.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында төбе астында орналасқан ойын автоматтары өртке оранып, екі қабатты мейрамхана шатыры мен екі кеңсе бөлмесіне тараған.

"Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 230 шаршы метр болатын өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.