28 шіл, 2020 сағат 16:31

Шымкентте 90 жастағы кейуана пневмониядан жазылып шықты

Шымкентте 90 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты. Кейуана өкпесінің екі жақты пневмониясымен жансақтау бөлімінде емделген болатын, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қарт кісі ауыр халде кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Онда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіліп, нәтижесінде денсаулығы жақсарған. Ал, 28 шілде күні ол ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер 90 жастағы кейуананың қазіргі жағдайы жақсы деп отыр. Өз кезегінде қауіпті аурудан аман қалған әжей медицина мамандарына алғысын айтып, батасын берді.