Фото: kursiv,media
Шымкентте 9 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыс қаласының тұрғыны 2015 жылы үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол сәтте жәбірленушінің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Содан ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Қауіпті қылмыскерді Еңбекші аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев анықтады. Үнемі бас киім киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігіттен тәртіп сақшысы күдіктенген. Көлік жөндеу орталығына жақында жұмысқа орналасқанын білгеннен кейін инспектор ер азаматтың жеке басын анықтады.
"Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге қашқынды қолға түсірді. Қазір күдікті қамауда. Ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады", - делінген ақпаратта.