Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етінің кеңеюі» диагнозын қойып отыр.
- Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорын, баланың ата-анасын хабардар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.
Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағандығын айтты. Яғни, ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.