17 нау, 2023 сағат 13:10

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім 9-қабаттан секіріп, мерт болды

Фото:Оtyrar.kz

Шымкентте 17 жастағы бала тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 наурызда сағат 15:35-те Қонаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Басылым мәліметінше, анасы баланы емшіге көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

Дәрігерлер баланың өлімін тіркеп, полицей оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала дерек бойынша, 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.