10 мау, 2023 сағат 07:38

Шымкентте 15 жастағы оқушы өлі табылды

© Photo: pixabay/soumen82hazra /

9 маусым таңда Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшамауданында жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусым кешкісін мал жайғауға шығып, қайта оралмаған. Оның денесі таңғы сағат 04:50-де Жаңа тұрмыс көшесінен табылған. Ешқандай жарақат болмаған. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

15 жастағы жасөспірім №72-ші орта мектепте оқыған. 

«Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте ешқандай оғаш қылық байқатпаған, тәртібі жақсы, инклюзивті білім алған, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихандар болды, ол келуі керек еді. Таңертең  ата-анасына телефон соғып, қайғылы хабарды естідік. Алдын ала басы айналып, құлап, басын қатты соққан шығар деді. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – дейді Шымкент қаласындағы №72 мектеп директоры Бегмат Усманов.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама барысында анықталады.