#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Шымкентке Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Үндістаннан дәрі-дәрмектер жеткізілді

  • 14.07.2020
  • 0
  • 225

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді. Сондай-ақ, 4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көлігі келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсаты бар сегіз компания жеткізіп берген. Атап айтқанда, левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон, аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді. Аталмыш жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр. Дәріханаларға түскен вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге және дене қызуын төмендетуге арналған.

«Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша келісімшарттың сомасы төрт миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, «Ақ ниет« компаниясы дәрі-дәрмектің - 14 түрін, «Зерде« - 10, «Аптека-5«-8, «Қойбағаров« ЖК - 9, «Отау Мед« - 23 түрін жеткізді. Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді» делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар