15 там, 2024 сағат 16:09

Шымкент зообағында екі кішкентай жайра дүниеге келді


Шымкент зообағында қуанышты жаңалық. Үнді жайрасының жұптарынан 2 кішкентай жайра дүниеге келді. Бұл зоосаябақта өте сирек кездесетін құбылыстардың бірі. Бұл туралы Шымкент зообағының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жайралардың денсаулығы бірқалыпты. Күнделікті ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың бақылауында.

Бастапқы уақытта тек анасының сүтін қорек қылса, қазіргі кезде жеміс-жидектермен қоректенуді бастап келеді.

"Ата-анасы екі кішкентай жайраға бірдей қамқорлық жасайды және қорғайды. Әрдайым анасы баласын үнемі жалап отырады, ал әкесі ешкімді жақын жолатпай қорғайды. 
Қазіргі уақытта көрермендердің жайралар отбасын тамашалуға мүмкіндіктері бар. Бұл отбасы “кіші көл” аумағына жақын қоршауда орналасқан", - деп жазды зообақ қызметкерлері.