23 ақп, 2022 сағат 20:30

Шымкент тұрғындары криптоферма ашып, биткоин өндіріп келген


Шымкентте заңсыз майнинг фермасы аңықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы майнинг қызметімен айналысатын тұлғаларды анықтады.

Тінту кезінде цифрлық криптовалюта «биткоин» өндірумен айналысатын ASIC майнингінің 360 данасы табылып, тәркіленді. 

Майнинг фермасы 3 контейнерге орнатылған.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. 

Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.