13 нау, 2025 сағат 17:22

Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады


Фото: ашық дереккөз

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Рейстер  аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады. 

Осылайша Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.