Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
25 сәуірде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.