Фото: Pixabay.com
Шымкент хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық. Зообақта пони жұптарынан кішкентай құлыншақ дүниеге келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жаңа туған құлынның салмағы 10 килограмм, бойы 55 сантиметр болып тіркелді. Ол туылғаннан кейін небәрі екі сағаттың ішінде аяғына тік тұрып, өз бетінше жүре бастады. Қазір анасы мен төлі өздерін жақсы сезінуде, құлыншақтың тәбеті жоғары және белсенділігі байқалады.
Понилар – үй жылқыларының кіші түріне жататын жануарлар. Олар аласа бойлы, қысқа аяқтары және жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Пони тұқымдарына Британ, Исландия, Сицилия, Корсика, Готланд және Хоккайдо аралдарында өсірілген көптеген тұқымдар кіреді.