18 жел, 2020 сағат 13:49

Шымкент: Кеңінен насихат жүргізілді

Шымкент қаласындағы ірі орталық, сондай-ақ үлкен базарлардың бірі — Еңбекші ауданына қарасты "Еуразия" сауда базарында жұмыс істейтін саудагерлер мен базар аралап жүрген тұрғындарға еліміздің бас Партиясы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Насихат жұмыстарын жүргізген топтың құрамында қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, "Азия Сервис" ЖШС басшысы Кан Михаил, белсенді жас, қазіргі таңда қалалық жастар мәслихатының депутаты, Еңбекші ауданынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ашимова Жасмин, Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсет Шағдат болды.

Саудагерлердің айтуынша, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін базарда бүгінгі күні 200-ден аса кәсіпкерлер қызмет етуде.

Кәсіпкерлердің азаюына байланысты базардың жабылу қаупі де барын жасырмайды өкілдер.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге келген топты қуана қарсы алған базардағы жұмысшылар өз тараптарынан көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныс тілектерін білдірді.

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.