Автобусқа кешігіп қалмауы үшін Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көлік артынан жүгіре қуды. Бұл туралы ол Otyrar.kz порталына берген сұхбатында айтып берді.
Қала басшысы бір ай бойы қызметтік көліктен бас тартты және оның қоластындағы қызметкерлері де солай істейді. Ал автобус ішінде әкім жолаушылармен сөйлесіп, тасымал сапасы туралы біліп, кондукторға сәттілік тіледі.
"Маған құтты билет түсті. Мен автобусқа кешігіп қала жаздадым. Айтпақшы, мен жеткенше автобус күтіп тұрды. Керек жеріме тұрып барғанымды есепке алмасақ, автобус ыңғайлы көрінді. Жастар көп екен, өзімнің жастық шағым есіме түсті, романтика, ех", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.
Әкім қалай болғанда да қалаға үлкен автобустар керегін айтады.
"Бұл мәселені қарастырамыз. Қала тұрғындарының таңнан бастап көңілді екені ұнады. Жұмысқа тез жеттім, он минуттай, бірақ, осы уақытта қаншама ой келді десеңізші! Таңнан бері көңіл-күйім жақсы, жұмысқа кетіп барамын!"- деп атап өтті әкім.
"Баян-сұлу" аялдамасына жеткен кезде әкімге автобустан түсіп, өзінің артындағы шығатын адамдарды жіберуіне тура келген. Ал өзі жұмысына жақын "Гарант" аялдамасынан түскен.
Еске салайық, 2017 жылдың 16 қазанында қала басшысы қала шенеунікитеріне бір ай қызметтік көліктен бас тарту туралы жарлық берген. Бұл бір айдың алғашқы аптасын бөлім басшылары тек қоғамдық көлікпен қатынау керек.