04 ақп, 2025 сағат 11:54

Шымбұлақта төбелес шықты


Фото: видеодан скриншот
Желіде Шымбұлақта төбелескендлердің видеосы тарады, деп хабарлайды Ult.kz.

Видеодан кешкі уақытта ғимараттың жанында бірнеше адамның жанжалын көруге болады. Оқиға 1 ақпан күні болған. Шымбұлақ әкімшілігі бір топ шетелдік қонақ мас күйінде шаңғы мектебінің қызметкерлерімен төбелескенін мәлімдейді.

Келушілердің бірі кассирдің орнында болмағанына және оны ұзақ күтіп қалғанына наразы болған. Шетелдік қызметкермен сөзге келіп, сосын далада жанжал шыққан. Қызметкерлер полиция шақырған. Жанжалды демалыс орнының қауіпсіздік қызметі тоқтатқан.

"Тәртіп бұзғандарды тәртіп сақшылары алып кетті. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады Шымбұлақ әкімшілігі.