«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аспалы жолдардың жұмыс уақыты:
«Медеу-Шымбұлақ» 08:30-18:00
«Комби-1» 09:00-17:00
«Комби-2» 09:00-16:30
Түнгі сырғанау тоқтатылды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, 2021 жылдың желтоқсан айында Алматыда өткізілген V қысқы Спартакиададағы тау шаңғы спорты, аралас шаңғы, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика жарыстары «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өткен болатын.
Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласының спорт басқармасы ұйымдастырған.