27 нау, 2023 сағат 13:48

"Шымбұлақ" Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: Instagram.com/shymbulakmountainresort

"Шымбұлақ" курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы трассасы" номинациясы бойынша Гиннес рекордын жаңартты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" демалыс орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың 26 наурызында "Шымбұлақ" Гиннес рекордтар кітабына "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы трассасы бар курорт" ретінде ресми түрде енгенін жариялаймыз.

Баршаңызды құттықтаймыз! Осы күнді бізбен бөлісіп, тарихи сәтке айналғандарыңызға рақмет!

Бұл өте керемет әрі ұмтылмас оқиға болды!", - деп жазылған курорттың Instagram парақшасында.

Салтанатты іс-шарада курорт әкімшілігіне жетістікті растайтын сертификат табысталды.