15 қаң, 2021 сағат 15:00

Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары қаңтардың аяғына дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыда жазылғандай, өңір бойынша карантиндік шектеулер 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 

«Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қайта ашылады. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау жалғасады», - делінген құжатта. 

Сондай-ақ білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ ондағы келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.