08 мау, 2025 сағат 14:26

Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлға 400 млн теңге жымқырған


© AP Photo / J Pat Carter


"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Басқарма төрағасының орынбасары денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деп күдіктеліп отыр.


"Жымқыру медициналық ұйымның "Damumed" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен тұрғындарына қызмет көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізілген. Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеді, отыз мыңнан астам "тіркеулер" анықталды", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп күдіктенеді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, шенеунік пен қарамағындағылардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысуы тексеріледі.