05 қыр, 2020 сағат 09:10

Шығыс Қазақстанда күшті жел 30-ға жуық үйдің шатырын жұлып әкетті

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында екпінді жел жеке үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО төтенше жағдайлап департаментіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында табиғи зауалдан әсіресе Қаратал ауылы қатты зардап шекті. Мұнда санаулы минуттарда өте күшті жел соғып, екпіні секундына 27 метрге жеткен. Ауылдағы көшелердің бірінде 25-30 үйдің шатыры жұлынған. 

Жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар табиғат апатынан келген шығынның көлемін анықтау үстінде. 

Еске сала кетейік, кеше «Қазгидромет» мамандары Шығыс Қазақстанда жел соғып, дауыл тұратынын, бұршақ жауатынын ескерткен болатын.